«Қайрат» футзал клубы тағы бір бразилиялық ойыншымен келісімшарт жасасқанын мәлім етті.

29 жастағы Луизиньо тәжірбиелі әмбебап ойыншы. Тек өз отанында ғана емес, жат елдерде де өнер көрсеткен. Бразилияның жетекші клубтарының бірі «Карлос Барбозаның» намысын қорғаған. Сонымен қатар, итальяндық «Реал Риети» мен жапондық «Нагоя» командаларында доп тепкен. Өткен маусымда осы «Нагоя» сапында 47 ойында 35 доп соғып Жапония чемпионатында командасының топ жаруына үлес қосқан.

Луис Фернандо Брицци Джустино Кардосо — ЛуизиньоТуған күні: 2 февраля 1990 года

Позиция: әмбебап

Мансабы: «Карлос Барбоза» (2014-2015), «Карлиспорт» (2015/16), «Реал Риети (2016/17), «Киоли» (2016/17), «Нагоя» (2017 — 2019).