Диего Марадона денсаулық жағдайына байланысты мексикалық «Дорадос» клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы Twitter-де адвокат Матиас Морла хабарлады.

«Диего Марадона «Дорадостың» бас бапкері ретінде жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Дәрігерлер оған денсаулығын түзеуге кеңес берді», - деп хабарлады адвокат.