Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында ел чемпионы  «Ақтөбе» семейлік «Спартакпен» кездесті.  

Ақтөбеде өткен матчта алаң иелері басым жеңіске қол жеткізді. Алдымен, Игорь Зенькович Ақтөбе сапындағы алғашқы голын соқты. Кейін, екінші таймның басында Павел Шабалин есепті ұлғайтты. Артынша, Зенькович есепті қорытындылады – 3:0. 

 

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 3-ші тур.

«Ақтөбе»-«Спартак»-3:0 (1:0)

Голдар: Зенькович, 17, 58, Шабалин, 46