Польша Экстраклассының 28-ші турында «Корона» - «Погонь» арасындағы ойын тең есеппен аяқталды — 2:2. Матч барысында Сергей бір гол және бір нәтижелі пас берумен көзге түсті.Ойынның 19-шы минутында Хижа қақпашымен жеке шығып, айласын асырды. Бірінші тайм аяқталар тұста Сергейдің пасын сәтті пайдаланған Пшемыслав Трытко есепті еселеді. Бірақ, «Корона» есепті ұзақ ұстап тұра аламады. Ұзақ өтпестен Марчин Робак есепті қысқартты. Матч аяқталуына 9 минут қалғанда Петра Маларчука алаңнан қуылып, 11 метрліктен Робак есепті теңестірді. Қорытынды есеп — 2:2.