Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында қостанайлық «Тобыл» Затобольскіде талдықорғандық «Жетісуден» жеңілді.

Есепті бірінші таймның соңында «Жетісудің» ойыншысы Константин Заречный ашты. Ал ойынның 72-ші мимнутында «Тобылдың» қақпашысы Александр Петухов өз айып алаңында ереже бұзып қызыл қағаз алды. Төреші белгілеген он бір метрлік соққыдан Сергей Шафф мүлт етпеді – 0:2.  

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 3-ші тур.

«Тобыл»-«Жетісу»-0:2 (0:1)

Голдар: Заречный, 12, Шаф, 73

Алаңнан қуылды: Петухов, 72