Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Польша чемпионатының 28-ші турында «Корона» сапында көзге түсті.

«Шахтердің» бұрынғы ойыншысы матчтың 19-шы минутында кездесуде есепті ашты. Артынша, Хижниченконың нәтижелі пасынан «Корона» ойыншысы екінші голды соқты.

Дегенмен, матч 2:2 есеппен тең аяқталды. «Корона» келесі ойынды 4-ші сәуір күні хожувтың «Рух» командасына қарсы өткізеді.