Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин Хертогенбос (Нидерланды) ATP турнирінің екінші айналымына шықты.

М.Кукушкин алғашқы айналымда рейтингте 76-сатыда тұрған италиялық Лоренцо Сонегомен кездесті. Бірінші партияда италиялық спортшы 7:5 есебімен басымдылық көрсетті.

Екінші сетте брейк жасаған қазақстандық теннисші алға шықты. Ақыры осы мүмкіндігінен айырылған жоқ - 6:4.

Үшінші, шешуші партияда есеп 1:1 болған мезетте М.Кукушкин брейк жасай алды - 2:1. Содан кейін де осы қарқынынан таймай, матчты жеңіспен түйіндей білді - 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.