Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Стив Роллсты төртінші раундта сұлатып түсірген болатын.

Жекпе-жектен соң халықтың көзіне түскен нәрсе - GGG-дің шолақ шалбарындағы жазуы. Кей жанкүйер жазуды «оян» деп түсінген.

Рrosports.kz тілшісі жанкүйерлердің назарына түскен жазба туралы баяндайды.

Головкиннің шолақ шалбарында «оян» деген жазба болмады, онда Bijan деп жазылған. Рас, ағылшын әріптерімен жазылған ол «оян» деген сөзге қатты ұқсап кетеді.