Жақында футболдан Америка Кубогы 2019 өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Маусымның 15-і мен шілденің 8-і аралығында Оңтүстік Америка футболы конфедерациясы аясында (КОНМЕБОЛ) Ұлттық құрамалар Америка Кубогы үшін таласады.

Бразилияда өтетін Copa America – 2019 турниріне 10 КОНМЕБОЛ құрамалары мен 2 арнайы шақыртылған азиялық (АФК) қонақ елдер қатысады.А тобы: Бразилия, Боливия, Венесуэла, Перу В тобы: Аргентина, Колумбия, Парагвай, Қатар С тобы: Уругвай, Эквадор, Жапония, Чили