Италия чемпонатының 30-шы турдағы «Рома» мен «Торино» арасындағы кездесу - Тоттидің клубтағы 700-ші матчы деп саналды.«Рома» сапында 1992 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан әйгілі футболшы өткізген ойындар саны бойынша 6 орынға жайғасқан. Оның алдында Алессандро дель Пьеро («Ювентус», 705), Франко Барези («Милан», 719), Джузеппе Бергоми («Интер», 756), Хавьер Санетти («Интер», 853) және Паоло Мальдини («Милан», 902) бар