Snippetmedia.com порталының жазуынша, қазақстандық Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жекте өте баяу қимылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Головкин төртінші раундқа дейін баяу әрі сақ қимылдағандай көрінді. Ал төртінші раундта Роллсқа тиген жойқын соққы керемет болды. Головкин төртінші раундта жойқын әрі жылдам комбинациялар сериясының арқасында Роллсқа үлкен мәселе келтірді», - деп жазды портал.

Айта кетейік, 9 маусымда Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте Головкин Роллсты төртінші раундта ауыр нокаутқа түсірген болатын.