Екі күн бұрын голландиялық Хертогенбоста WTA Libema Open турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Рыбакина америкалық Кристина Макхейлмен сынға түскен болатын. 1 сағат 29 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Келесі матчта қазақстандық теннисші АҚШ-тың тағы бір спортшысы Варвара Лепченкомен кездеседі.