Болгарияның Пловдив қаласында жастар арасындағы «Петко Сираков - Иван Илиев» XVII халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. 
 
Дәстүрлі жарысқа 14 команда қатысты: Әзірбайжан, Болгария, Хорватия, Венгрия, Жапония, Қазақстан, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Түркменстан және АҚШ. Қазақстан намысын грек-рим күресі командасы қорғады. Классиктеріміз сегіз салмақтың жетеуінде жүлдеге қол жеткізіп, жалпы қос алтын, төрт күміс және үш қола медаль еншіледі.
 
Қанағат Ақылбек 50 келі салмақ дәрежесінде турнир жеңімпазы атанды. Ол өз жолында Болгария (8:8), Венгрия (4:2) балуандарынан және ақтық сында Отандасы Мейрамбек Нәдірбаевтан (10:2) басым түсті. Нәдірбаев сәйкесінше күміске қол жеткізді. 74 келі салмақ дәрежесінің финалында да қос қазақстандың балуан кездесті. Темірлан Шадукаев венгр (10:1), серб (5:1), әзірбайжаннан (16:7) және бірінші орын үшін таласта Мирас Баршалықовтан (6:4) айласын асырды. Сонымен қатар, жүлделі екінші орыннан Дамир Зарлыханов (55 кг) және Мансур Шадукаев (120 кг) көрінді. 
 
Ал, Рамазан Мұстафаев (74 кг), Мейрамбек Айнағұлов (60 кг) және Вячеслав Фатеев (66 кг) "Петко Сираков - Иван Илиев" додасының қола жүлдегері атанды.