Бразилия құрамасының әйгілі шабуылшысы Зико алдағы әлем чемпионатында алаң иелері жеңіске жететіне сенімді. 

«Бразилия әлем чемпионатын ұтатына 85-90% пайызға сенімдімін. Сколари мен Паррейра команданы мықты дайындады. Бұған қоса, әлем біріншілігі біздің елімізде өтеді. Былтыр Конфедерация кубогын ұттық, ендігі мақсат - Әлем чемпионаты. Жанкүйерлеріміздің қолдауымен осы мақсатқа жетеміз деген ойдамын», — деді Зико шетелдік басылымдарына.