Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жектен соң GGG жаңа бапкері Джонатон Бэнкс пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Головкиннің қимылдары жаңа бапкерді тәнті еткен.

«Жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған жақсы. Маған шәкіртімнің рингтегі іс-қимылдары ұнады. Біз аз уақыттың ішінде жақсы жетістік көрсеттік. Енді бұдан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге уақыт жетеді. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз», - деді ол.