Санкт-Петербургтің СКА командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн хоккейден Минскіде өтетін 2014 жылғы Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан Ұлттық құрамасынан шақырту алды.
 
Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтында хабарланды.
 
Даллмэн ӘЧ-2014 дайындық аясында Ұлттық құраманың оқу-жаттығуына қатысатын кандидаттар тізіміне кірді.
 
Еске сала кетсек, Әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Минскіде болады. Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы матчын 10 мамыр күні Германия командасымен өткізеді.