Үшінші орынға таласта ағылшындар Швейцарияны пенальтиден жеңді.

Негізгі уақытта да, қосымша 30 минутта да командалар қақпа кілтін таба алмады. Англияда бірнеше мүмкіндіктер болғанымен, Рахим Стерлинг оларды пайдалана алмады. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, қателікті бірінші болып Йосип Дрмич жіберіп алды.

Англия ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының қола жүлдесін жеңіп алды. Былтыр Гарет Саутгейт баптайтын ұжым Ресейдегі әлем біріншілігінде төртінші орын алған еді.

Ұлттар лигасы. Үшінші орын үшін матч

Швейцария – Англия – 0:0 (5:6 пенальтиден)

Голландия - Португалия матчының тікелей трансляциясы