Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтуде. Ертең ерлер арасындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталады.

Бұл сында алматылық Абзал Рақымғалиев те бақ сынауда. Біздің спортшы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 24-і орын алған соң, ең соңғы болып келесі кезеңге өткен еді. Ертеңгі сында Абзал алғашқы бестікте сынға түседі. Айдынға екінші болып шығатын Рақымғалиевтің тобында Канада, Польша, Румыния және Швейцария спортшылары бар.

Әзірге, қысқа бағдарламан соң жапон Тацуки Матида көш бастап тұр. Испандық Хавьер Фернандес екінші орында, ал Сочи Олимпиадасының чемпионы Юздуру Ханю үшінші сатыда.

Қыздар арасындағы қысқа бағдарламадан соң, жапониялық Мао Асада бірінші, италиялық Каролина Костнер екінші, ресейлік Юлия Липницкая үшінші орында келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, былтырғы әлем чемпионатының күміс медаль иегері Денис Тен Сайтамадағы сынға қатысқан жоқ. Дениспен қатар, үш дүркін әлем чемпионы, канадалық Патрик Чан, әлем чемпионы Дайсуке Такахаси және Ванкувер Олимпиадасының чемпионы Ю На Ким әлем біріншілігінен сырт қалған.