WSB бокс сериясы аясында 5-ші сәуір күні Алматыда өтетін бокс кешінде "арландар" намысын қорғайтын боксшылар белгілі.

52 келі салмақ дәржесінде Мирас Жақұпов, 60 келіде «арландардың» капитаны Самат Башенов, 69 келіде Мейірім Нұрсұлтанов, 81 келіде және аса ауыр салмақта Данабек Сужанов пен Руслан Мырсатаев рингке шығады.

Айта кетер жайт, егерде жекпе-жек кеші тең нәтижемен аяқталса, қосымша кездесу өтеді. 52 келі салмақтағы Ильяс Сүлейменов Стивен Малейкамен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетсек, наурыздың 29-ы күін "Астана Арланс" клубының былғары қолғап шеберлері сырт алаңда неміс құрамасына қарсы қолғап түйістіреді.