Шабуылшы Александр Комаристый қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубына қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәскеу хоккей мектебінің түлегі ҚХЛ-да бақ сынайтын «Витязь» (Подольск), «Спартак» (Мәскеу), «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Металлург» (Новокузнецк), «Югра» (Ханты-Мансийск) қатарлы клубтарда өнер көрсетті. ҚХЛ-да жалпы 330 ойын өткізіп, 97 (39+58) ұпай жинаған.

Бұдан бөлек, ЖХЛ-да бақ сынайтын «Кристалл» (Саратов), «Буран» (Воронеж), «Химик» (Воскресенск) командаларының намысын қорғаған.

Комаристый 2018/19 жылғы маусымды Қарағандыда бастаған болатын. Алайда ол отбасылық жағдайларына байланысты Қарағандыдан кеткен болатын. 29 жастағы шабуылшы «Рубин» сапында 66 матчқа қатысып, 28 (10+18) ұпай жинады.