Қазақстандық режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов отандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған фильмнің түсірілімі туралы әңгімелеп берді. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған Nur.kz хабарлады.

Бекмамбетов фильмнің түсірілімі аяқталғанын айтты. Қазіргі уақытта ол постпродакшн сатысында тұр.

Фильм түсірілімі Лос-Анжелесте өтті. Картинада көрермендер диджитал құрылғылары арқылы құрылатын жігіт пен қыздың қарым-қатынасын көреді.

«Біз онымен осы фильмді түсіруге келіскенбіз, өз уәдемізді орындап жатырмыз», - деп атап өтті продюсер.

Сондай-ақ, режиссер фильмнің Денис Теннің қатысуынсыз жарыққа шығатынына өкінішін білдірді.

Бекмамбетовтың айтуынша, оның командасы Денис Тен атындағы қормен және оның туыстарымен тығыз байланыста.

Режиссер фильм осы жылы экранға шығады деп үміттенеді.