«Барыс-Арена» спорт кешенінде «Қазақстан барысы - 2019» турнирі басталды.

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Ұйымдастырушылар осы уақытқа дейін айтқандай, финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 балуан белдеседі.

Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі. ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.