ҚХЛ-да тәжірибе жинаған шабуылшы Александр Комаристый «Сарыарқа» сапына қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Комаристый 2018/19 жылғы маусымы Қарағандыда бастаған болатын. Алайда ол отбасылық жағдайларына байланысты Қарағандыдан кеткен болатын. 29 жастағы шабуылшы «Рубин» сапында 66 матчқа қатысып, 28 (10+18) ұпай жинады.