Елордалық «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогының ширек финалдық кездесуінде уфалық «Салават Юлаевтан» басым түсіп, сериядағы есепті қысқартты.

 

Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Тартысты өрбіген матчта есепті астаналық хоккейші Руденко ашты. Ал, жеті минуттан кейін уфалық Вишневский таразы басын теңестірді. Артынша, екі командада есепте алға шығатын мүмкіндіктерін жіберіп алды. Әйтсе де, екінші периодтың соңында Барыстың ойыншысы Бойд өз командасына жеңіс сыйлады – 2:1.

Келесі ойын 29-шы наурыз күні Уфада өтеді.

 

«Барыс» (Астана) – «Салават Юлаев» (Уфа) 2:1 (1:1, 1:0, 0:0)

1:0 – Руденко (Савченко) – 07:25

1:1 – Вишневский (Степанов) – 14:56

2:1 – Бойд (Боченски, Руденко) – 37:01

Қақпашылар: Еремеев – Василевский

Сериядағы есеп: 2:3