Әйелдер арасында жекпе-жектен қазақстандық спортыш Зинаида Белоусова әлем чемпионатының жүлдегері атанды.
17 жасында Еуропа жүлдегері атанған отандасымыз күні кеше Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне білді.
37 мемлекет, 200 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде Иран, Беларусь, Өзбекстан спортшыларымен белдесіп, 3-орынға табан тіреді. Осылайша, Қазақстан командалық есепте екінші орынға шықты.
Зинаида қазір Берлиндегі әлем кубогына қатысуға белсенді дайындалып жатыр.
Комментарии