Әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин әзіл айтып, журналистерді күлдірді. Бұл туралы Головкин мен Роллстың жекпе-жегіне қатысты өткен баспасөз мәслихатының соңында айтылды.

Журналистің бірі Головкиннің 1-де 100 коэфицентке ие екенін, соған байланысты қарсыласының оған қаншалықты лайықты екенін сұрады.

"Бұл миға кірмейтін дүние. Бұл маған айтылатын нәрсе емес. Рингке екі адам шығады. Сен және мен ғана", - деді Головкин журналиске қарата.

- Тек мен және Роллс", - деді Головкин.

- Мені мен сен емес шығар?

- Иә, кешір, - деді спортшы.