Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Катармен өткен кездесуде (2:0) ауыр жарақат алып қалды.

Бразилия футбол федерациясының хабарлауынша, 27 жастағы ойыншы алдағы Амарика кубогына қатыса алмайды.

Айта кетейік, биылғы Америка кубогы 14 маусымнан 7 шілде аралығында Бразилияда өтеді.