Испандық теннисші Рафаэль Надаль Laureus World Sports Awards-тан «Жылдың оралуы» номинациясында ресейлік спортшы Елена Исинбаева мен бразилиялық футболшы Роналдиньодан озып жеңімпаз атанды.

2013 жылы испандық теннисші жарақатына байланысты жеті айлық үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралған болатын. Өткен жылы Рафа он рет жеңіс тұғырына көтеріліп, 75 ойынның 68-інде жеңіске жетіп әлемдік рейтингіде көш бастады.

Осыған дейін Надальді Laureus-тан екі сыйлық ұтты. 2006-шы және 2011-ші жылы ең үздік спортшы деп марапатталған.