Шабуылшы Антон Кошелев Теміртау қаласының «Теміртау» хоккей клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы жас хоккейші өткен маусымда оралдық «Горняк» командасында өнер көрсетті. Батыс қазақстандық клуб сапында ЖХЛ аясында 16 матчқа қатысып, 3 шайба соқты.