Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатын өткізді.

«Madison Square Garden»-ге қайта оралғаныма қуаныштымын. Жанкүйерлеріме өз тәжірибемді көрсетемін. Дұрыс айтасыздар, көп уақыт рингтен қалыс қалдым. Бірақ мен анағұрлым мықты, анағұрлым ақылды болып оралдым! Баршаңызға алғыс айтқым келеді, DAZN - мен үшін үлкен келісімшарт», - деді Головкин.

Еске салайық, Головкин-Роллс жекпе-жегі 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтеді.