DAZN стриминг компаниясы түсірген «40 күн» деректі фильмінің екінші сериясы ұсынылды.

Фильмнің бұл бөлімінде GGG өзі жаттығып жүрген Биг Беар қаласының ерекшелігі және алдағы жекпе-жек жайлы ой қозғайды.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл бокс кеші қазақстандықтың DAZN компаниясымен 3 жылдық келісімшартының алғашқы жекпе-жегі. Сондай-ақ, бұл Геннадий Головкиннің жаңа бапкер қол астындағы алғашқы кездесуі.