Орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин, 7-ші маусым күні Нью-Йоркте өтетін Мигель Котто мен Серхио Мартинес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін. 
 
Головкиннің өзі Хулио Сезар Чавеспен кездесуге дайындалуда. Жекпе-жек шілде айында өтеді деп жоспарланып отыр.
 
«Менінше, Мартинес – Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кез келген орта салмақтағы боксшы кездескісі келеді. Қос боксшы да өте мықты. Бізді қызықты матч күтуде. Егерде, Головкин шілдеде Чавесті ұтса, ол Мартинес-Котто жеңімпазымен жұдырықтасуға дайын болады. Бұл керемет кездесу болушы еді», — деді Головкиннің промоутері Леффлер BoxingScene сайтына.