Қазақстандық үстел теннисінің өкілі Кирилл Герасименко Гонконгтағы Hang Seng Hong Kong Open турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

Гонконгтағы Hang Seng Hong Kong Open турнирінде қазақстандық Кирилл Герасименко сәтті бастап, алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ол Гонконгта өтіп жатқан үстел теннисінен ашық чемпионатта Венгриядан келген қарсыласынан айқын басымдылықпен жеңді. Кирилл алғашқы матчты 4:0 есебімен ұтты. Келесі матчта Кирилл қытайлық Чукин Ванмен кездеседі.

Айта кетейік, Hang Seng Hong Kong Open — ITTF World Tour халықаралық турнирлерінің сериясына кіреді. Турнирдің жүлде қоры 175 000 долларды құрайды.