«Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы, қазір«Зениттің» балалар академиясында жаттықтырушы қызметін атқаратын Андрей Аршавинге Ресей шекарасынан шығуға тыйым салынды.

Аршавин бірінші жұбайы Алиса Казьминаға 1,5 миллион рубль алимент төлемеген. Сол себепті ресейлік сот осындай қадамға барып отыр.

Айта кетейік, Андрей Аршавин «Қайраттың» сапында 2016-2018 жылдары өнер көрсеткен болатын. Алматылық команданың сапында 84 матч өткізіп, 24 гол соққан.