Финалда алаңға жүгіріп шыққан америкалық модель және блогер Кинси Воланскидің әрекеті 4 млн долларға бағаланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Оқыс оқиға Чемпиондар лигасының «Тоттенхэм Хотспур» и «Ливерпуль» арасындағы финалдық ойында бірінші таймның ортасында орын алды.

Америкалық блогер Vitaly Uncensored пранк-шоуы жарнамаланған шомылу киімімен алаңға жүгіріп шыққан болатын. Кинсидің бұл әрекетін бизнес-журналист Даррен Ровелл өзінің «Твиттер»-парақшасында 4 млн долларға бағалады.

Өйткені, Чемпиондар лигасы финалдық ойыны кезінде жарнама құны осы сомаға тең екен. «Тоттенхэм Хотспур» мен «Ливерпуль» матчын 300 млн көрермен тамашалады.

Instagram финалда жүгіріп шыққан қыздың аккаунтын бұғаттап тастады