Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбектің (7-0, 5 КО) Boxrec.com рейтингісінде бірден 93 саты жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кардиффте никарагуалық Серхио Гонсалесті (10-16-5, 7 КО) нокаутпен жеңген Зәуірбек 93 саты жоғарылап, 280-орыннан бір-ақ шықты.

Еске сала кетейік, Зәуірбек келесі айқасын 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өткізеді.