Мәскеуде тректегі велоспорттан кезекті Гран-при турнирі өтіп, қазақстандық спортшы Әлішер Жұмақан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлішер ұпай жинауға арналған топтық жарыста қола медаль жеңіп алды. Бұл сында белоруссиялық Евгений Королек 103 ұпаймен алтын жүлдегер атанған. Екінші орында 91 ұпайы бар ресейлік Владимир Ильченко жайғасқан.

Қазақстан құрамасының өкілі Әлішер Жұмақан 86 ұпаймен үздік үштікті қорытындылап тұр.