Бірінші лигада өнер көрсететін Шымкенттік «Қыран» сапына голландиялық қазақ Мұрат Өнал келіп қосылды. Мұрат «Қыран» футбол клубының Түркияда өткізген оқу-жаттығу жиынында бапкерлердің көзіне түскен. «Аякс» футбол мектебінің түлегі Бельгия, Голландия, Финляндия клубтарында ойнап үлгерге. Қандасымыз атамекеніне оралып жаңа маусымды «Қыран» сапында бастайды.Бірінші лига ойындары 6 сәуірде басталады. «Қыран» өз алаңында «Астана-64» командасын қабылдайды.