Қазақстандық самбошы Бейімбет Қанжанов 2014 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы атанғысы келетінін айтты.

«Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша мен рейтингіде үшінші болдым. Алдағы Әлем кубогын ұтсам бірінші сатыға көтерілемін. Сондай-ақ Суперкубок үшін де бәсекеде чемпион атануым керек, сонда мен 2014 жылдың қорытындысы бойынша рейтингіде көш бастаймын», - деді Бейімбет.