Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтің (14-0, 10КО) келесі жекпе-жегінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

GGG Promotions өкілі 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) — Стив Роллс (19-0, 10КО) жекпе-жегінің андеркатында америкалық Абрахам Ханмен (26-1-4, 16 КО) қолғап түйістіреді.

Жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBC International белбеуі сарапқа салынады.

Айта кетейік, Әли Ахмедов кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен.