Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отандасы Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) туралы пікір білдірді.

- Біріншіден, Әли - өте жақсы және мықты жауынгер. Оның болашағынан көп үміт күтемін. Ол нағыз жауынгер болғандықтан бірге жұмыс істейміз, - деді Головкин.

Айта кетейік, GGG Promotions өкілі 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) — Стив Роллс (19-0, 10КО) жекпе-жегінің андеркатында америкалық Абрахам Ханмен (26-1-4, 16 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBC International белбеуі сарапқа салынады.