«Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогының ширекфиналында кезекті рет сырт алаңда «Салават Юлаевтан» ұтылды. 

Матчтың бірінші мен екінші кезеңі голсыз аяқталды. Алайда, үшінші периодтың басында уфалық Игорь Мирнов кездесуде есепті ашты. Кейін «Барыс» хоккейшісі Найджел Доус Роман Савченконың пасынан есепті теңестірді. Араға үш минут салып «Салават Юлаевтың» хоккейшісі Дмитрий Макаров командасын қайта алға шығарды - 2:1. Дегенмен, ойынның соңғы минутында Дмитрий Уппер таразы басын теңестірді. Артынша, овертаймда ресейлік хоккейші Кирилл Кольцов өз командасына жеңіс сыйлады - 3:2.  
 
Осылайша «Салават Юлаев» сериядағы есепті 3:1-ге жеткізді. Келесі ойын 27-ші наурыз күні Астанада өтеді. 
 
 
«Салават Юлаев» (Уфа) – «Барыс» (Астана) 3:2 ОТ (0:0, 0:0, 2:2, 1:0)
 
1:0 – Мирнов (Кайгородов) – 41:56
1:1 – Доус (Савченко) – 54:34
2:1 – Макаров (Степанов, Хартикайнен) – 57:48
2:2 – Уппер (Боченски, Ландин) – 59:50
3:2 – Кир. Кольцов (Степанов) – 65:03
 
Қақпашылар: Василевский – Еремеев
 
Сериядағы есеп: 3:1