Италияның Кьеза ин Вальмаленко елді мекенінде фристайлдан Еуропа Кубогының қорытынды кезеңі мәресіне жетті.
 
Жарыстың алғашқы күні шаңғы акробатикасы бағдарламасы бойынша ресейлік Александра Орлова бірінші, украиналық Надежда Мохнацкая екінші, ал қазақ қызы Жанбота Алдабергенова үшінші сатыға орналасты.
 
Келесі күні спортшылар шаңғы акробатикасы бойынша тағы да сынға түсті. Бұл жолы Жанбота Алдабергенова үздік нәтиже көрсетті. Ресейлік Александра Орлова екінші орыннан көрінсе, оның отандасы Любовь Никитина үздік үштікке ілінді.
 
Жалпы есеп бойынша, Жанбота Алдабергенова 350 ұпай жинап, екінші орыннан көрінді. Александра Орлова Еуропа Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанса, үшін орын Любовь Никитинаға бұйырды.
 
Ал жарысқа қатысқан тағы екі қазақстандық спортшы Жібек Арапбаева мен Ақмаржан Қалмұрзаева 28-ші орынды бөлісті.
 
Фристайл. Еуропа кубогы кезеңі. Вальмаленко (Италия), 21-22 наурыз
 
Әйелдер. Акробатика.
 
Бірінші сайыс.
 
1. Александра Орлова (Ресей) – 150,34.
2. Надежда Мохнацкая (Украина) – 146,17.
3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 142,31.
 
Екінші сайыс.
 
1. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 80,64.
2. Александра Орлова (Ресей) – 72,50.
3. Любовь Никитина (Ресей) – 69,02.