Германия ұлттық құрамасының бас бапкерінің денсаулығы сыр берді.

Дәрігерлер қан айналым жүйесі бұзылған деген диагноз қойған. Жаттықтыру кезінде жарақат алғанына байланысты деп болжам жасалып отыр. Бапкер қазір Фрайбургтағы ауруханалардың бірінде.

Bild порталының мәліметіне сүйенсек, Лёв командасының жақынарадағы ойындарына қатыса алмайды.

Германия Еуропа чемпионатына іріктеу аясында 8 маусым күні Беларусьпен, 11 маусым күні Эстониямен жолығады.