«Астана» баскетбол клубы Бірыңғай ВТБ лигасы аясында ригалық ВЭФ-тен 83:97 есебімен ұтылып, «В» тобында 5-ші орын алды. Осылайша, елордалықтар плей-офф кезеңнің 1/8 финалында «А» тобының төртінші командасы «Нижний Новгородпен» кездеседі.  

Бірыңғай ВТБ лигасының плей-офф ойындары сәуірдің аяғы мен мамырдың басында өтеді. Қос команда арасындағы матч 2-ке жеңіске дейін жалғасады. Алғашқы матч Астанада өтеді, қарымта ойын Нижний Новгородта жоспарланған. «Нижний Новгород» – «Астана» жұбының жеңімпазы ширек финалда «Химкимен» күш сынасады.