«Интер» Антонио Контенің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Конте Лучано Спаллеттидің орнын алмастырды. Италиялық бапкер «Интермен» үш жылдық келісімшартқа отырды.

49 жастағы маманның жалақысы жылына 12 млн еуроны құрайды.

Конте бұған дейін «Челси», «Ювентус» клубтарына және Италия ұлттық құрамаларына жетекшілік еткен.