Ресей құрамасы мен «Анжи» футбол клубының бұрынғы жаттықтырушысы Гус Хиддинк Голландия құрамасымен 2 жылдық келісімшартқа отырды.

Ол бас бапкерлік қызметке Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін кіріседі. Гус Хиддинктің көмекшісі болып Данни Блинд мен Руд ван Нистелрой тағайындалды.

Айта кетер жайт, Қазақстан мен Голландия құрамасы 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бір топқа түсті.