Worldboxingnews.net сайты қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематчтан кейінгі қарсыласты атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Канело» мен Головкин рематчының жеңімпазы суперорта салмақта WBA чемпионы Каллум Смитпен жұдырықтасуы ықтимал.

«Головкин мен «Канело» қыркүйекте үшінші рет жұдырықтасады деп күтілуде. Бұл кездесуден соң Эдди Хирн осы жекпе-жектің жеңімпазы мен Каллум Смит 2020 жылы «Энфилдте» жұдырықтасуы үшін жұмысты бастайды. DAZN бұл шоу қызықтырғанын мәлімдеді», - деп жазды портал.