«Джиро д’Италия 2019» көпкүндігінің 18-ші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл кезеңде велошабандоздар Вальдаора коммунасынан Санта-Мария-ди-Салаға жүріп өтті. Қашықтығы – 222 шақырым.

Кезеңде италиялық Дамиано Сима жеңіске жетті, ол «Nippo Vini Fantini Faizanè» командасының намысын қорғайды.

«Астана» сапынан үздік нәтижені италиядық Мануэле Боаро көрсетті. Ол мәре сызығын 30-шы болып кесті.