Беларусь құрамасының шабуылшысы Павел Развадовский павлодарлық «Ертіс» сапына ауысады, деп жазады Prosports.kz.

Өткен маусымда 29 жастағы хоккейші минскілік «Юность» командасында 61 матчқа қатысып, 45 (17+28) ұпай жинады. Сонымен қатар, ол өткен жылы Данияда өткен әлем чемпионатында Беларусь құрамасы сапында өнер көрсетті.